Ресейде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, оған терроризмді қолдауға жәрдемдесу бабы бойынша айып тағылған.
«Российская газета» басылымының дерегі бойынша, мессенджерде тыйым салынған контентке, есірткі саудасына, суицид пен экстремизмге қатысты мыңдаған арна мен чат жойылмаған.
Ал Федералды қауіпсіздік қызметі мәліметінше, 2022 жылдан бері Telegram террористік сипаттағы істерді қоса алғанда, 153 мың қылмыстық оқиғада аталған. Ресми органдар тарапынан әзірге қосымша түсініктеме берілген жоқ.
