Түркістан облысында немересі әжесінің үйіне ұрлыққа түскен

Түркістан облысында өз әжесінің үйіне ұрлыққа түскен күдікті анықталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, оқиға Сауран ауданында болған. Полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсірген.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті жігіт жәбірленушінің немересі болып шыққан. Ол үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, сейфті бұзып, ішінен шамамен 3 миллион теңге көлеміндегі ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 7 миллион теңгеге жуық.

Күдікті ұрланған зергерлік бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жібергені анықталды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.