Қауіпті: Алматыдағы лас ауа ДДСҰ нормасынан бес есе жоғары

Не болды?

Алматыдағы ауаның ластану деңгейі ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) бекіткен қалыпты мөлшерден бес есе жоғары. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

IQair мәліметіне қарағанда, Алматыда ластану индексі – 206-ға тең (өте зиян). Ауа ластаушы негізгі ұсақ бөлшек – PM2.5. Осы ұсақ бөлшектің таралу деңгейі — 131 мкг/м3. Бұл ДДСҰ бекіткен тәуліктегі орташа мөлшерден (25 мкг / м3) бес есе жоғары.

Анықтама

PM2.5 – адам ағзасына өте қауіпті шаң-тозаң, күйе, түтін және сұйық тамшы. Өлшемі 2,5 микрометрден (адам шашынан 30 есе жіңішке) аз ұсақ элемент.

IQair (Air quality around the world) – дүниежүзі бойынша ауа сапасын бақылайтын ұйым.

Контекст

Естеріңізге салайық, 16 ақпанда еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жазған едік.