Енді Ясауи кесенесіне келушілер құжатпен ғана кіреді

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына кіру тәртібі өзгерді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының мәліметінше, 15 ақпаннан бастап кесене аумағы қоршалып, келушілер арнайы орнатылған турникеттер арқылы кіреді.

7c25be091bcf57d6f35d5b9ec144d422 Енді Ясауи кесенесіне келушілер құжатпен ғана кіреді

Бұл іс-шара киелі нысанның сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік деңгейін арттыру, террористік сипаттағы ықтимал қауіптердің алдын алу және келушілер қозғалысын реттеу мақсатында енгізіліп отыр. Енді келушілер кесене аумағына жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп, билет алып, қауіпсіздік тексерісінен өткеннен кейін ғана кіре алады, — делінген хабарламада.

Қорық-музей өкілдері енгізілген өзгерістер аумақта жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен бақылауын күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Еске салайық, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға тыйым салынған болатын.