Тарихи жеңіс: Михаил Шайдоров қысқы олимпиада чемпионы болды

Не болды?

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров қысқы олимпиада алтынын жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы 2026 жылғы қысқы олимпиада ойынында ерлер арасындағы жекелей сында чемпион болды. Ол еркін сырғанаудан 198,64 ұпай, ал жалпы 291,58 ұпай алды.

Күміс медальді жапон Юма Кагияма (280,06 ұпай), қола медальді де жапон Шун Сато қола (274,90 ұпай) медаль жеңіп алды.

Тарихи жеңіс

Бұл — тарихи жеңіс. Өйткені Қазақстан қысқы олимпиада ойынынан алтынды 32 жыл бұрын шаңғышы Владимир Смирнов алған. Әрі бұл — осы қысқы олимпиададағы Қазақстанның алғашқы медалі.

Денис Теннің ізін жалғаушы

Қазақ халқы Михаилды Денис Теннің ізін жалғаушы деп жатыр. Денис Тен — қысқы олимпиададан мәнерлеп сырғанау бойынша жүлде алған (қола медаль) алғашқы спортшы.

Михаил Шайдоров Дениіс Теннің деректі фильмінде оның бала кезін ойнаған.

Меніңше, Денис Тен маған ғана емес, бүкіл Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спорт түріне ықпал етті. Ол көптеген мәнерлеп сырғанайтындарға есік ашты, — деді Михаил Шайдоров баспасөз конференциясында.

Тоқаев чемпионның кеудесіне II дәрежелі «Барыс» орденін тағады.

Контекст

Естеріңізге салайық, қысқы олимпиададағы спортшылардың 12 ақпандағы жарыс кестесін жариялаған едік. 

Итальян шорт-трекші қысқы олимпиадан он екінші жүлдесін алды, бұл тарихта болмаған оқиға. 

Қазақстан қысқы олимпиада ойындарынан алтын алған спортшыға 250 мың доллар береді.

Финалға өткен Қазақстан спортшылары бар ма?