УЕФА президенті 2027 жылы Астанада сайланады

2027 жылғы 4 наурызда Астанада УЕФА-ның 51-кезекті конгресі өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазасқтан футбол федерациясының мәліметінше, конгресс аясында ұйымға мүше 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері бас қосып, УЕФА қызметіне қатысты стратегиялық шешімдер қабылдайды. Астанадағы жиында УЕФА президенті сайланып, атқарушы комитеттің жаңа құрамына дауыс беріледі.

Айта кетейік, 50-конгресс 12 ақпанда Брюссель қаласында өткен болатын. Онда ұйымның алдағы даму бағыттарына қатысты бірқатар шешімдер бекітілді.

2027 жылғы конгресс Қазақстан аумағында бұрын-соңды ұйымдастырылған ең ауқымды халықаралық футбол іс-шараларының бірі болады. Ұйымдастыру және өткізу шығындарын УЕФА толық өз мойнына алады.

Еске салайық, Қазақстан УЕФА құрамына 2002 жылғы 25 сәуірде қабылданған болатын.