15 наурызда өтетін референдум кезеңдері қандай болады?

Не болды?

Референдумның орталық комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға дайындалу және оны өткізу кезеңдерін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Негізгі күндер

Ақпаратқа қарағанда, науқан мына кесте бойынша өтеді:

  • 12 ақпаннан 14 наурыз сағат 00:00-ге дейін – үгіт-насихат жүргізу;
  • 2026 жылғы 21 ақпан – аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы, референдум учаскелерінің шекарасы туралы мәлімет жариялау;
  • 2026 жылғы 22 ақпан – дауыс беруге қатысатын азаматтардың тізімін референдум комиссияларына ұсыну;
  • 27 ақпан – 4 наурыз 2026 жыл – азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету;
  • 12–14 наурыз 2026 жыл – бюллетеньдерді учаскелік комиссияларға жеткізу;
  • 2026 жылғы 14 наурыз – тыныштық күні;
  • 2026 жылғы 15 наурыз – дауыс беру күні.
2026 жылғы референдум өту кезеңдері
Фото: ҚР орталық референдум комиссиясы

Контекст

Естеріңізге салайық, алдағы уақытта Конституция күні 1 шілде болуы мүмкін.

Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды.