Астанада қоғамдық кеңес мүшесі және Конституциялық комиссия мүшесі Замира Кузиева «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС еңбек ұжымымен ҚР жаңа Конституциясы жобасын талқылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Кездесуде мемлекеттілікті нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған негізгі ережелер түсіндірілді.
Замира Кузиева жаңа Конституцияны ел дамуының алдағы жылдарға арналған маңызды бағдар ретінде сипаттап, құқықтық кеңістіктің тұрақтылығы мен болжамдылығының мәнін атап өтті. Сонымен қатар құжатқа енгізілген әлеуметтік кепілдіктерге назар аударылып, еңбек ету, демалу, әлеуметтік қорғау және қызмет түрін еркін таңдау құқықтарының күшейетіндігі айтылды.
Сарапшы экономикалық даму мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдіктің маңызды екенін атап, жаңа Конституцияның мемлекет, бизнес және азаматтар үшін ортақ ережелер мен мақсаттарға негізделген серіктестікке жасалған қадам екенін жеткізді.
Кездесу барысында президенттің жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойғаны айтылып, қатысушылар референдумға белсенді қатысу қажеттігін атап өтті. Замира Кузиева азаматтарды елді жаңғырту мен тұрақты даму үшін дауыс беруге шақырды.
