ТЖМ тікұшағы Алтайдағы сәбиді құтқарды

Не болды?

«Қазавиақұтқару» ұшағы санитариялық авиация желісі бойынша Өскемен – Алтай – Өскемен бағыты бойынша ұшып, сәбиді құтқарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

ТЖМ мәліметіне қарағанда, сәбиді шұғыл түрде облыс орталығындағы медицина мекемесіне жеткізу керек болған.

Экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлерінің арқасында кішкентай науқас дер кезінде ауруханаға жеткен.

Контекст

Естеріңізге салайық, 7 қаңтар күні Қапшағай су қоймасына түсіп кеткен жеңіл автокөлікті ТЖМ ұжымы құтқарып қалған. Көліктің ішінде екі әйел болған.