Не болды?
7 қаңтар күні Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кеткен. Көліктің ішінде екі әйел болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, құтқарушылар екі әйелді құтқарып алған. Оларды жағаға шығарып, медициналық көмек берген.
Төтенше жағдайлар министрлігі құбылмалы ауа райы кезінде мұз үстіне көлікпен шығудың аса қауіпті екенін еске салды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, бір адам қаза болған еді.
