Блогерлер дыбыстаған GOAT анимациялық фильмі прокатқа шықты

Алматыда «GOAT: Мечтай по-крупному» анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Туынды стереотиптерге қарсы тұрып, арманына сенген кішкентай лақтың оқиғасын баяндайды. Мультфильм тек спорт туралы емес, мінез, табандылық және өз-өзіне деген сенім жайлы. Фильм балаларға да, ересектерге де ұсынылады.

Анимациялық картина 2026 жылғы 12 ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Билеттерді Freedom SuperApp мобайл қолданбасындағы «Афиша» бөлімінен сатып алуға болады. Қолданба арқылы киноға, концерттерге, театр және спорттық іс-шараларға билеттерді 22%-ға дейін кэшбекпен алу мүмкіндігі қарастырылған.

алдын ала көрсетілім
Фото: Freedom

Freedom Ticketon компаниясының коммуникациялар жөніндегі директоры Азамат Атагелдиевтің айтуынша, кино бағыты компания үшін стратегиялық маңызға ие.

Жобаға қатысқан сценарист әрі стендап-комик Шыңғыс Ермек дубляж саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, кейіпкерінің бір ғана репликасы болса да, бұл жұмыс ерекше әсер қалдырған.

Ал блогер әрі инфлюенсер Алина Ким журналист-киіктің дауысын сомдаған. Ол кейіпкердің қысқа ғана сөзі арқылы батылдық пен кәсіби мінезді көрсетуге тырысқанын айтты.

Алина Ким
Фото: Freedom

Көрсетілімнен кейін көрермендер фильмнің сапасын ғана емес, тәрбиелік мәнін де жоғары бағалады. Тревел-блогер Әсет Мырзабаев мультфильмнің мотивациялық әсері бар екенін айтып, ұлының фильмнен кейін баскетбол ойнауға ниет білдіргенін жеткізді.

Көрермендердің бірі Тельман туындыдағы отбасылық құндылықтарға назар аударды. Оның айтуынша, фильм ата-ананың балаға деген сенімі үлкен күш екенін көрсетеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да