Қазақстанда ауа райы қолайсыз болатындықтан, жолға қосымша пойыздар шығады

Не болды?

Қазақстанда ауа райы қолайсыз болатындықтан, тас жолдардағы қозғалыс уақытша шектелді. Осыған байланысты жолға қосымша пойыздар шығады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жолаушылар тағы мына пойыздармен жүре алады:

  • № 613 Маңғыстау — Орал,
  • № 692 Ақтөбе — Атырау,
  • № 110 Ақтөбе — Маңғыстау.

Бұл қосымша пойыздар өңірлер арасындағы үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін жолға шығып отыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, «Астана — Талдықорған» бағыты бойынша жаңа теміржол қатынасы іске қосылады.