Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астана мен Талдықорған арасында жаңа пойыз қатынайды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Астана — Талдықорған» бағыты бойынша жаңа теміржол қатынасы іске қосылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бағыт ҚР парламенті мәжілісінің депутаттарының бастамасымен, көлік министрлігі мен ұлттық тасымалдаушы — «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында, сонымен қатар азаматтардың көптеп түскен өтініштері негізінде жүзеге асырылып отыр.

Бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы тарапынан екі жолаушылар вагоны бөлініп, олар № 122/121 «Нұрлы жол — Семей» пойызының құрамында күн ара қатынайтын болады. Ақтоғай станциясында бұл вагондар № 631/632 «Ақтоғай — Талдықорған» пойызына қайта тіркеліп, жолаушыларға бүкіл бағыт бойынша үздіксіз әрі ыңғайлы қатынас қамтамасыз етіледі.

Тұрақты жолаушылар ағыны қалыптасқан жағдайда, вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен арттырылады. Пойыз қозғалысын іске қосу биылғы жылдың сәуір айына жоспарланған.

Мақалаға реакция