Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада үздік бестікке енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламасын қатесіз орындап, бесінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Италияда өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында сейсенбі күні мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жарыс басталды.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыз ерлер арасындағы жекелей сында қысқа бағдарламамен мұз айдынына шығып, 92.94 ұпай жинады. Төрешілердің шешімімен ол аралық есепте бесінші орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) жайғасса, үшінші нәтижені франциялық Адам Сяо Хим Фа (102.55 ұпай) көрсетті.

Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

Еске салайық, бүгін жеті қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады.