Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов басқаратын үкіметтің жұмысына баға берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жиында премьер-министр өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп беріп, ел экономикасын дамытуға бағытталған атқарылған іс-шаралардың нәтижесін және өзекті мәселелерді баяндады.
Премьердің баяндамасынан кейін мемлекет басшысы үкімет жұмысына қатысты пікір айтты.
Жалпы, өткен жылды табысты аяқтадық. Маңызды экономикалық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім бар. Сыртқы ахуал күрделі болып тұрғанын ескерсек, мұны жақсы нәтиже деуге болады. Бірақ алда жұмыс көп. Экономикалық дамудың жаңа үлгісіне толық көшу үшін нақты әрі тиімді шаралар қабылдау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент алдағы кезеңде үкімет алдында тұрған міндеттерге назар аударып, экономикалық өсімді сапалы әрі тұрақты ету қажеттігін атап өтті.
