АЭС бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат берген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметінің жұмысын бағалады.
Мемлекет басшысына брифиң барысында «Қазіргі үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма?» деген сұрақ қойылды.
Меніңше, үкімет тырысып, белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерімді орындауға тырысады. БАҚ-та көріне бермеуі мүмкін, біздегі жұмыс өте қауырт. Өйткені, ақпараттарды алып отырамын. Жалпы, мен оқитын адаммын. Сондықтан барлық оқиғадан үнемі хабардармын. Әрине, министрлердің, үкімет басшылығының жұмысында кемшіліктер бар. Бірақ, 7 ай – қысқа ғана мерзім. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі тиіс. Басты міндет – еліміздің экономикалық өсім көздерін іздеу, — деп жауап берді мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумда дауыс бергенін жазған болатынбыз.