Алматы, Астана және Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылғы 9 ақпанда Алматыда, ал түнгі уақытта Астана мен Атырауда ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді факторлар жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Осы кезеңде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі мүмкін, сондықтан тұрғындарға денсаулыққа сақтықпен қарау ұсынылады.