Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 17 жүлде иеленді

Қазақстанның бокс құрамасы Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте алты алтын, бес күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, алтын жүлдеге ие болғандар қатарында Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Умида Садықова (80 келіден жоғары) бар.

Күміс медальді Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары), сонымен қатар әйелдер арасында Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) мен Назерке Серік (65 келіге дейін) иеленді.

Ал қола жүлдеге бұған дейін Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) қол жеткізген болатын.