Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бірнеше өңірде жол қозғалысы уақытша тоқтады

Фото: Pavlodarnews.kz
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы ақпарат жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда қозғалыс уақытша шектелді.

Ұлытау облысында

«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 24–137-шақырымында (Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы) және «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 433–750-шақырымында (Жезқазған қаласы — Жаңаарқа кенті) көлік қозғалысы тоқтатылды.

Абай облысында

«Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 778–967-шақырымы (Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы) жабылды.

Алматы облысында

«Қонаев — Күрті» (0–67-шақырым), «Астана — Қарағанды — Алматы» (2295–2436-шақырым, Қаншеңгел — Ақсай) және «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 112–124-шақырымы (Шеңгелді — Жетісу облысының шекарасы) бойынша қозғалыс шектелді.

Жетісу облысында

Аталған автожолдың 124–234-шақырымы (Алматы облысының шекарасы — Жамбыл ауылы), сонымен қатар «Сарыөзек — Көктал» (3–68-шақырым) және «Үшарал — Достық» (84–164-шақырым) бағыттарында қозғалыс тоқтатылды.

Жамбыл облысында

«Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесінде (159–238-шақырым, Кенен ауылы — Қайнар ауылы) көлік қозғалысы шектеліп, қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Ақтөбе облысында

«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 0–77-шақырымында (Жайсан БӨП — «ECO Oil» жанармай бекеті) қозғалыс тоқтатылды.

Батыс Қазақстан облысында

«Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 393–526-шақырымында (Жымпиты кенті — Ақтөбе облысының шекарасы) көлік қатынасы шектелді.

Павлодар облысында

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы Қалқаман жол айрығында көпір өткелінің арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында

Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46–66-шақырымында қыс аяқталғанша сақталады.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді алыс жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Мақалаға реакция