Нұрлан имам Ақ үйдің қайырымдылық асына қатысты

Белгілі дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Байжігітұлы АҚШ астанасы Уашиңтонда өткен дәстүрлі 74-ші таңғы ас рәсіміне қатысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Іс-шараға АҚШ президенті Дональд Трамп пен әлемнің түкпір-түкпірінен келген екі мыңға жуық беделді тұлға жиналды.

Нұрлан Байжігітұлы бұл жиынның жастарды білім мен ғылымға, рухани құндылықтарды сақтауға үндейтін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, имандылық пен өркениет қатар дамыса, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Еске салайы, Нұрлан Байжігітұлы өткен жылы да АҚШ-та Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысқан болатын.