Цифрлық бақылау: Алматыда камера саны 65 мыңға жетті

Алматыда цифрлық инфрақұрылымды дамыту экология мен қоғамдық қауіпсіздік салаларын қамтып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсековтың айтуынша, қалада экологиялық мониториң күшейіп, ауа сапасын бақылайтын 296 датчик орнатылған.

бақылау, камера, бейнебақылау, бейнекамера
Фото: Алматы әкімдігі

Қатты тұрмыстағы қалдықтарды жинау орындары 730 бейнекамера арқылы бақыланады, ал қоқыс шығару маршруттарының 65%-ы GPS жүйесімен қамтылған. Қоғамдық қауіпсіздік бағытында бірыңғай бейнемониториң жүйесіне қосылған камера саны 65 мыңға жетті. Барлық білім беру және медицина нысандары қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталған. Жол қозғалысын бақылау үшін 1 641 аппараттық кешен жұмыс істейді, биыл қосымша 350 «Сергек» орнату жоспарланған, — деді Мейрам Дүйсековт өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде.

Алдағы жылдары бейнекамералар санын 100 мыңға жеткізу және 2026 жылға дейін «112» жедел басқарудың бірыңғай орталығын іске қосу көзделіп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да