Huawei компаниясы жаңа флагмандық өнімдерін ресми түрде таныстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Презентация барысында бүктелетін Huawei Mate X7 смартфоны, PaperMatte экраны бар Huawei MatePad 11.5 S планшеті және ашық форматтағы Huawei FreeClip 2 құлаққаптары ұсынылды.
Huawei Mate X7 жетілдірілген бүктеу механизмімен, берік Kunlun Glass әйнегімен және суға төзімді корпусымен ерекшеленеді. Құрылғының ылғалға төзімділігі іс-шара барысында тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Huawei MatePad 11.5 S планшеті көзге түсетін салмақты азайтатын PaperMatte экраны және пернетақтамен бірге ұсынылуымен назар аударды.
Тағылатын құрылғылар қатарындағы жаңа өнім — Huawei FreeClip 2 ашық форматтағы құлаққаптары ультражеңіл салмағымен және эргономикалық дизайнымен ерекшеленеді. Құлаққаптар белсенді қозғалыс кезінде де құлақта берік бекітіліп, айналадағы дыбыстарды естуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар құрылғы Android және iOS жүйелерімен толық үйлесімді.
Huawei өкілдерінің мәліметінше, таныстырылған барлық өнімдер брендтің ресми серіктестері арқылы сатылымға шыққан. Арнайы ұсыныс аясында Huawei Mate X7 смартфоны 899 990 теңгеден, Huawei MatePad 11.5 S планшеті 239 990 теңгеден, ал Huawei FreeClip 2 құлаққаптары 79 990 теңгеден бастап ұсынылады.
