Қазақстанның Азаматтық альянсы ҚР жаңа Конституциясының жобасын талқылау барысында Конституциялық комиссия мүшелерінің ауқымды жұмысын жоғары бағалады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ұйым өкілдері ел азаматтарының нақты мәселелері мен үміт-тілектері ескерілгенін атап өтті.
Альянс пікірінше, ұсынылып отырған түзетулер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықтың заманауи негізін қалыптастырады, азаматтардың елді басқару процесіне қатысуын кеңейтеді және қоғамдық бақылау тетіктерін, соның ішінде Халық кеңесіне қатысты нормаларды күшейтеді.
Сонымен қатар жаңа Конституция жобасы жеке деректер мен цифрлық құқықтарды қорғауды күшейтуге, адам құқықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес бекітуге, білім беру мен ғылымға басымдық беруге және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған.
Қазақстанның Азаматтық альянсы мемлекет пен азаматтар серіктес ретінде әрекет ететін әділетті және жауапты қоғамды қалыптастыруға бағытталған бұл бастамаларды қолдайтынын жеткізді. Ұйым реформаларды іске асыруға белсенді қатысуға және еліміздің болашағы жолында мемлекетпен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
