Алматыда қандай көліктер экологиялық норманы жиі бұзады?

Алматыда автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша бақылау іс-шаралары өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, тексерістерді Eco Almaty ЖШС қалалық ПД бірлесіп, мегаполистің әртүрлі ауданында аспаптық өлшеулер арқылы жүргізді.

Саин мен Дулати көшелерінің қиылысында 30 автокөлік тексеріліп, оның 16-сынан рұқсат етілген экологиялық көрсеткіштердің асып кеткені анықталған. Заңбұзушылықтардың екеуі дизельді қозғалтқышы бар көліктерден, ал 12-сі бензинмен жүретін автокөліктерден тіркелді. Қосымша тексеру Сүйінбай даңғылы мен Бекмаханов көшесінің қиылысында өтті. Бұл аумақта 20 автокөлік тексеріліп, дизель отынымен жүретін алты көліктен экологиялық нормативтердің артуы анықталды. Жалпы алғанда 50 автокөлік тексеріліп, 22 әкімшілік хаттама толтырылды, — делінген хабарламада.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы 1-бөлігіне сәйкес, шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшері немесе шу деңгейі белгіленген нормадан асатын автокөліктерді пайдаланғаны үшін жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.