Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Пәкістанда Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда
Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысын Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.

Қазақстан президенті мен Пәкістан премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды, — делінген хабарламада.