Алматының бас ботаникалық бағы бір күнге жабылады

Алматыдағы бас ботаникалық бақ санитарлық жұмыстарға байланысты бір күнге жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ботаникалық бақ әкімшілігінің мәліметінше, 2 ақпан күні бақ қала тұрғындары мен қонақтарын қабылдамайды.

Санитарлық күннен кейін мекеме әдеттегі жұмыс тәртібіне қайта оралады. Қазіргі таңда бас ботаникалық бақ күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс уақыты — 15:00-15:30 аралығы, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да