Астанада өткен Волонтерлар форумында президент волонтердың цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысы бұл саланы цифрландыру мәселесін қозғады.
Волонтерлық қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану керек. Мен жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Соған сәйкес нақты жұмыс істеліп жатыр, — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, ел өмірінің барлық саласына озық технология тәсілдері, әсіресе, жасанды интеллект жүйесі енгізіле бастады. Еріктілер қозғалысы да бұл жұмыстан шет қалмауы керек.
