2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда ресми мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді.
Ақпан айында Қазақстан азаматтары сегіз күн демалады. Бұл — бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндерге қатысты. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер ақпан айында төрт күн демалады.
Ақпандағы атаулы күндер:
- 1 ақпан – Азаматтық авиация қызметкерлері күні;
- 2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні.
