Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

ПД мәліметінше, Шымкент тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жәбірленушіні бірнеше жерден пышақтаған, әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Қылмысқа екеуінің арасындағы бас араздығы себеп болған. Қайғылы оқиға туралы полицияға куәгерлер хабар берген.

Полиция қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ұстау кезінде қарулы ер адам қарсылық көрсеткен, сондықтан тәртіп сақшылары заңнама талаптарына сәйкес табельдік қару қолдануға мәжбүр болды. Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.