Жазда Астана мен Балқаш арасына әуе рейсі ашылады

Не болды?

Qazaq Air әуе компаниясы жазда Балқашқа ұшатын күнделікті рейстерді іске қосады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана – Балқаш – Астана бағытындағы күнделікті рейс үш ай жазда ғана ұшады. Bombardier Q-400 әуе кемесі 78–86 жолаушыға арналған. Бір бағытқа арналған билет құны 16 000 теңге болады.

Оған қоса қазір Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша ұшатын әуе компаниясын анықтау үшін байқау өтіп жатыр.

Естеріңізге салайық, Алматы мен Чэнду арасында тікелей әуе рейсі ашылған еді.