Алматы мен Чэнду арасында тікелей әуе рейсі ашылды

30 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайы Air China әуекомпаниясының Чэнду – Алматы бағыты бойынша жаңа рейсін салтанатты түрде қабылдады.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ұшақ Қытайдың Чэнду Тяньфу халықаралық әуежайынан ұшып келді. Осылайша Алматы мен Қытайдың ірі мегаполисі Чэнду арасында тікелей әуе қатынасы жолға қойылды.

Алматы – Чэнду бағытындағы рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшулар Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Әуежайдың мәліметінше:

  • Алматыдан ұшу уақыты – 21:30,
  • Чэндуға келу уақыты – келесі күні жергілікті уақыт бойынша 04:30.
  • Чэндудан Алматыға дейінгі ұшу уақыты шамамен 3,5 сағат болады,
  • Кері бағыттағы рейс бес сағатқа жуық уақыт алады.

Жаңа тікелей бағыттың іске қосылуы жолаушылар үшін айтарлықтай қолайлы болады. Себебі ол ауысып мінетін рейстермен салыстырғанда жол жүру уақытын кемінде жеті сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді, –делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да