Алматыдан Шанхайға тікелей рейстер іске қосылады

Air Astana әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағытында тікелей рейстер ашады. Бұл туралы ҚР көлік министрлігі хабарлап отыр. 

2026 жылғы 29 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына үш рет — сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады. Жаңа бағыттың іске қосылуы нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады, — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, бұл бастама екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына серпін береді.