Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда 3 бағытқа пойыз билеттері арзандады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктер ұсынылатынын хабарлап отыр.

Компанияның мәліметінше, акция дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жолға шығатын пойыздарға қолданылады. Жеңілдіктер «Тальго» пойыздарының белгілі бір санаттағы орындарына қарастырылған.

Атап айтқанда, №11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы пойызда туристік «2Д» орындарына 25% жеңілдік беріледі.

№65/66 «Астана – Қызылорда» және №105/106 «Алматы – Петропавл» бағыттарындағы «Тальго» пойыздарының үстіңгі орындарына да 25% жеңілдік қарастырылған.

Мақалаға реакция