«Арсенал» – «Қайрат» матчын қайдан көруге болады?

28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Лондонның «Арсенал» футбол клубы чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші тур аясында алматылық «Қайратты» қабылдайды.

Кездесу сағат 01:00-де (Астана уақытымен) басталады және Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жеті турдан кейін «Арсенал» негізгі кезеңде көш бастап, барлық жеті ойында жеңіске жетіп, 21 ұпай жинады. Ал «Қайрат» жеті матчта тек бір ұпайға қол жеткізіп, турнирлік кестеде 36-орында тұр.

Еске салайық, Темірлан Анарбеков – УЕФА чемпиондар лигасында MVP (ең үздік ойыншы) атағын жеңіп алған алғашқы қазақ футболшы болды.

«Қайрат» футбол клубы қақпашы Темірлан Анарбековпен келісімшарт мерзімін 2028 жылғы 30 қарашаға дейін ұзартты. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да