Қазақстанда 1 сәуірден бастап бензин қымбаттауы мүмкін

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 1 сәуірден бастап жанар-жағармай бағасының өсуі ықтималдығына пікір айтты.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта бағаны тұрақтандыру мақсатында мораторий жарияланған, ал 31 наурыздан кейін үкімет араласпаса, нарықтық механизмдер бағаға әсер етеді.

Мораторий жарияланған кезде баға өсімін тоқтаттық, тосқауыл қойдық. Нарықтық тетіктерді ерікті түрде тоқтаттық. Егер, 31 наурыздан кейін үкімет жанар-жағармай құю стансаларының қызметіне араласпаса және нарық жұмыс істесе, ішкі сұраныс пен ұсыныс баға белгілеудің келесі шарттарына ықпал етеді, — деді Ерлан Ақкенженов.

Министр 2025 жылғы 1 ақпанынан бастап энергетика министрлігі жанар-жағармай нарығын реттемейтінін, бірақ бағаның күрт өсуіне жол берілмейтінін айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да