2026 жылы Алматыда мәдени және ғылыми бағыттағы екі жаңа музей ашылады. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Райымбек батыр» заманауи мемориалдық кешені батырдың өмірін және ерлігін интерактивті форматта көрсетуге арналған. Келушілер экспозицияларда 3D-модельдер, тарихи реконструкция және мультимедиялық бейнелер арқылы батырдың өмірін тамашалай алады.
Сонымен қатар Observatorium музейі ғылым мен астрономияны насихаттайды. Жаңа музейде интерактивті экспозициялар, зертханалық тәжірибелер, VR-саяхаттар және робот-экскурсоводтар болады. Келушілер телескоп арқылы жұлдызды аспанды бақылап, ғалам мен адам арасындағы байланысты сезіне алады.
