Режиссер Тимур Бекмамбеттің «Мейірімі» АҚШ-та «Аватарды» басып озды

Не болды?

Режиссер Тимур Бекмамбеттің «Мейірім» фильмі АҚШ-та Жеймс Кәмеронның «Аватар: От мен күл» фильмін басып озды. Бұл туралы Variety басылымы хабарлап отыр.

Мәлімет

Тимур Бекмамбеттің «Мейірім» ғылыми-фантастикалық триллері Солтүстік Америкадағы премьерасында 11,2 миллион доллар жинады. Ал «Аватар» 7 миллион доллар жинаған еді.

Ақпаратқа қарағанда, ұйымдастырушылар фильм демалыс күндері 12 миллион доллар табады деп үміттенген. Алайда күн суып кетіп, көп өңірде кинотеатр жабылып қалған. Суыққа төтеп беріп, кинотеатрға барған кинокөрерменге «Мейірім» сондай әсерлі көрінбепті. Көрермен мен сыншылар оған «орташа» деген баға қойған.

Естеріңізге салайық, президент ұлттық құрылтайда Жошы хан туралы деректі фильм көктемде түсіріліп бітетінін айтқан.