Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Президент Алматыдағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтың қатарына енуіне орай құттықтады.

Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақалаға реакция