Не болды?
Айтөре Жолдасқали түсірген «Ауру» фильмі екі аптада 762 миллион теңге табыс тапты. Бұл туралы Freedom Ticketon хабарлап отыр.
Мәлімет
Режиссер бұған дейін фильм цензураға ұшырап, бірнеше кадр кесілгенін айтқан еді. Фильмді тек сағат 22:00-ден кейін көрсетуге рұқсат етілді.
Картина алғашқы аптада 517 миллион, екінші аптада 244 миллион теңгеден астам қаржы жинаған.
Қазір ол прокаттағы фильмдер ішінде жақында ғана жарыққа шыққан «№37» фильмі көш бастап тұр. Бұд фильм бір аптада 266 миллион теңге жинады.
Контекст
Естеріңізге салайық, «Ауру» фильмі алғашқы үш күнде 417 миллион теңге тапқан еді.
Анықтама
«Ауру» — кредитке батып, халықтан ақша жинаған отбасы жайлы отандық драма, триллер. Қоюшы режиссеры — Айтөре Жолдасқали.
