Не болды?
2026 жылғы 26 қаңтар күні әлемдік тур аясында әлем чемпионатының кубогы Алматыға келді. Оны көпшілікке италиандық футболшы, әлем чемпионы Марко Матерацци таныстырды.
Мәлімет
FIFA™ Әлем чемпионатының түпнұсқа кубогының салмағы — 6,142 келі, таза алтыннан жасалған. Кубок Республика сарайында бірнеше сағат бойы тұрып, көпшілік назарына ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, кубок әлемдік тур аясында 75 қалаға барады. Тур 3 қаңтар күні Сауд Арабиясында басталған. Енді маусым айында әлем чемпионаты басталғанша жалғасады.

Қауіпсіздік пен мүмкіндік
Біз бұл кубокты әлемнің барлық қаласына апара алмаймыз, ішінен таңдап алуға мәжбүрміз. Қазақстан барлық деңгейдегі футболды дамытуға үлкен үлес қосты. Сол үшін осы мүмкіндік берілді, — деді ұйымдастырушы комитеттің өкілі.

Оның айтуына қарағанда, тур аясында 6 келі болатын кубоктың қауіпсіздігі ең жоғарғы деңгейде қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл кубокты тек әлем чемпиондары мен мемлекет басшылары ұстай алады.

Биыл қай құрама әлем чемпионы болуы мүмкін?
Марко Матерацциға «Биыл қай құрама әлем чемпионы болады деп ойлайсыз?» деген сұрақ қойылып, ол былай жауап берді:
Жылдар бойы мәртебесі төмендемей келе жатқан құрамалар бар. Мен — итальяндықпын. Сол үшін бірінші орынды Италия алады деп үміттенемін. Алайда нақты жауап бер алмаймын. Мессидің кейінгі жетістігін еске түсірейік. Ол ойнайтын Аргентина да мықты командалардың бірі екені анық. Бразилия мен Германияның да осал еместігін мойындаймын, — деді футболшы.
Футбол символы халықаралық сапарын әрі қарай жалғастырады.
