Вице-президент кімге бағынады және не істейді?

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев вице-президенттің өкілеті мен шектеулерін түсіндірді.

Вице-президент саяси партия мүшесі бола алмайды, депутаттық мандат пен басқа да ақылы қызметтерді атқаруға, кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады. Бұл талаптар лауазымның саясиланбаған әрі кәсіби болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар вице-президент мемлекет басшысының тапсырмасымен елдің сыртқы өкілдігін жүзеге асырып, мемлекеттік институттармен және азаматтық қоғаммен өзара байланыс орнатады, — деді Ерлан Сәрсембаев.

Президент өкілетін қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, билік өкілеті Құрылтай төрағасына, одан кейін премьер-министрге өтеді. Бұл жүйе елдегі тұрақтылық пен биліктің сабақтастығын сақтауға арналған.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вице-президент деген лауазым пайда болатынын айтты. Вице–президентті президент өзі тағайындайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да