Ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде бастауыш класс оқушылары қашықтан оқытуға көшті.
Бұл туралы білім басқармасы хабарлап отыр.
Орал қаласында ауа температурасының -25,2 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 1–4 класс оқушылары онлайн форматта білім алып жатыр.
Павлодарда да қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы 0–4 класс оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылды.
Ал Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1–4 класс оқушылары үшін сабақ онлайн форматта өтіп жатыр.
