Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен төбелесіп қалды

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов төбелесіп қалған.

Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаменті растады.

21 қаңтар күні Қарағандыдағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам төбелесіп қалған. Қаланың 42 жастағы тұрғыны соққыға жығылғаны туралы арыз жазды. Қазіргі таңда денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелген. Жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бұл лауазымға 2024 жылғы қарашада келген болатын.