Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Ұлттық банк базалық ставканы өзгеріссіз қалдырды

Фото: mail.kz
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 12,3% болып, болжамға толық сәйкес келген. Инфляцияның қалыптасуына ең үлкен үлесті азық-түлік тауарлары қосты – 13,5%. Бұл, негізінен, ет пен май бағасының өсуімен байланысты. Бағаның өсуіне өндіріс шығындарының артуы және экспорттық жеткізілімдердің жоғары болуы әсер еткен.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 11,1% деңгейіне дейін төмендеді. Бұл кейінгі айларда теңге бағамының нығаюымен байланысты. Ал реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтерінің әкімшілік жолмен төмендеуі нәтижесінде ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны 12,0%-ға дейін баяулаған.

2025 жылғы желтоқсанда айлық инфляция 0,9% болып, біршама жеделдеді. Базалық инфляция 0,8% деңгейінде сақталып отыр.

Мақалаға реакция