Бүгін қай қалаларда ауа сапасы төмендейді?

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 23 қаңтарға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Атап айтқанда, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Орал, Өскемен, Семей, Риддер және Атырау қалаларында атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан қалыптасады. Мұндай кезде зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып, ауаның ластануына әкеледі.