Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста өткен халықаралық алаң аясында бірқатар мемлекет пен халықаралық ұйым басшыларымен кездесті.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекет басшысы Армения президенті Ваагн Хачатурянмен, Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен, Индонезия президенті Прабово Субиантомен өзекті халықаралық мәселелер төңірегінде қысқаша пікір алмасты.
Сонымен қатар президент Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Жанни Инфантиномен әңгімелесті.
Кездесулер барысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, жаһандық сын-қатерлер және өзара әріптестіктің өзекті бағыттары сөз болды.
