Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентінің шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
22 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Газа бойынша Әлем кеңесінің құрамына кіру туралы ресми шақыру жолдаған болатын.
