Мемлекеттік рәміздерді қолданудың нұсқаулығы жасалады

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсеткен азаматтарды қосымша ынталандыру шаралары әзірленетінін айтты.

Президенттің ұлттық құрылтайдағы сөзінен кейін мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейеді. Сонымен қатар заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Нормативтік актілерге қажет өзгерістер енгізіліп, көрнекі нұсқаулықтар дайындалады. Мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсеткен азаматтарды қосымша ынталандыру шаралары әзірленеді, – деді Аида Балаева үкімет отырысында.

Айта кетейік, кеше президент Ұлттық құрылтайда көшеде, көліктер мен үйдің терезелерінде Туды көргеніне қуанатынын айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да