Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Трамп Тоқаевты жаңа халықаралық Бейбітшілік кеңесіне шақырды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ұсынысы бойынша құрылған Бейбітшілік кеңесіне қосылуға ресми шақыру алған алғашқы әлемдік көшбасшылардың бірі болды.

Бұл ақпаратты мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады.

Оның айтуынша, Қазақстан аталған жаңа халықаралық бірлестіктің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болады.

Жауап ретінде мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы алғыс білдіріп, осы жаңа бірлестікке қосылуға келісімін растайтын хат жолдады, – деді Руслан Желдібай.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларға толық үлес қосуға дайын екенін тағы да растаған.

АҚШ-тың Газа секторына қатысты жоспары аясында ұсынылған Бейбітшілік кеңесі аймақты уақытша халықаралық басқаруға алып, оны қалпына келтіру процесін бақылауды көздейді.

Мақалаға реакция