Не болды?
Атырау футбол клубы жекенің қолына өтуі мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Елдар Аманбай мәлімдеп отыр.
Мәлімет
Батыстағы ірі логистикалық «Ак-руно» компаниясының иесі Әлімбек Мұқанов клубты сатып алу құжаттарын дайындап жатыр, — деп жазды Елдар Аманбай.
Мәміле толық жүзеге асса, «Атырау» еліміздегі алтыншы жекеменшік клуб болады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Астаналық «Жеңіс» клубын Kaspi.kz компаниясының басшысы Михаил Ломтадзе, «Шахтер» клубын кәсіпкер Тимур Турлов, Петропавлдың «Қызылжар» командасын Сергей Кан, «Ақтөбені» Qazaq Stroy компаниясының жетекшісі Нұрлан Артықбаев, Қызылорданың «Қайсар» клубын TAU Group LTD компаниясының басшысы Исламғали Қозыбақов басқарып жатыр.
